Атауын өзгерткен әлем астаналары


Қазақстанда Елорданың атауын өзгерту туралы ұсыныс мақұлданды. Жалпы, әлемдік тәжірбиеде мемлекет орталығының атына арнайы құжатпен, не халық сұранысымен өзгеріс енгізу үлгісі бұрыннан бар. Бұл – көбіне отарланған мемлекеттерде астанаға тарихи атауын қайтару немесе жергілікті халық тілінде жаңа ат қою себебінен туындайтын мәселе. Біз ұсынған мақаладан соңғы жүз жылдықта белгілі себептермен атауын өзгерткен танымал бас қалалардың тізімін көре аласыз.




Таллин – Эстония астанасы. Қала құрылғанда қойылған нақты атауы жоқ, бірақ тарихи деректерде Колывань деп көрсетіледі. 1917 жылға дейін, бүгінгі Эстония астанасы ресми түрде Ревель аталынған. Тек 1917 жылы шаһардың аты Таллин болып өзгертілді.


Ұлан-Батыр – Моңғолия мемлекетінің астанасы. Шаһар 1639 жылы тұрғызылып, «Өргөө» атауына ие болған. 1778 жылы жергілікті тұрғындар қаланы Их-Хурээ – «үлкен ғибадатхана» деп атады. 1911 жылы Моңғолия тәуелсіздік алғанда, шаһар атын Нийслэл хурээге, яғни «астаналық ғибадатханаға» ауыстыру шешілді. 1924 жыл Ұлттық құрылтай кезінде қалаға атақты Шыңғысханның құрметіне, Ұлан-Батыр-хото, «Қызыл Батырдың қаласы» атауы берілген.





Осло – Норвегия астанасы. 1624 жылға дейін қазіргі Осло викингтер тұрақтағандықтан, Викия деп аталды. 1624 пен 1877 жылдар аралығында қала Христания деген атпен танылған. 1624 жылдан 1925 жылға дейін Кристания аты қолданылды. 1925 жылы астанаға Осло атауы беріліп, қала реконструкциядан өткен еді.



Ашхабад – Түркменстан астанасы. Қала түркмендер Ресейим периясы құрамына кіргеннен соң, Асхабад деп аталды. Кейін, 1919 жылы, шаһар атауын Полторацк деп өзгерту шешілді. Ал 1927 жылы 27 қазанда Полторацк тарихи атауына фонетикалық өзгерістер енгізіп, Ашхабад деген атқа ие болды.



Джакарта – Индонезия астанасы. Қала 1527 жылға дейін – Сунда Келапа, 1619 жылға дейін — Джаякарта, 1942 жылға дейін — Батавия атауларымен танылды. Тек 1942 жылы қала астана дәрежесін ресми алып, Джакарта деп өзгертілді.



Сеул – Корея Республикасының астанасы. Қаланың алғашқы атауы – Виресон. Ол б.з.б. 370 жылдан бастап, Пэкче қаласының астанасы саналған еді. Кейін, Корё заманында шаһар Хансон атымен танылды. 1394 жылдан бастап, Чосон мемлекетінің астанасы ретінде, Ханян деп аталған. Ал 1948 жылы қалаға Сеул аты қойылып, бас қала дәрежесі берілді.



Бейжің – ҚХДР астанасы. Қала 1368-1405, 1928-1949 жылдар аралығында Бэйпиң аталды. Бұл қытай тілінен «Солтүстік тыныштығы» мағынасын білдіретін. Екі жағдайда да аталған ұғымдар – астананың Бейжіңнен Нанкинге ауыстырылуын түсіндіріпті. Кейін, 1949 жылы Қытай Халықтық Коммунистік партиясы қалаға тарихи Бейжің атауын қайтарды.



Душанбе – Тәжікстан астанасы. 1826 жылға дейін қала Душанбе-Курган аталды. 1924-1929 жылдары шаһар Дюшамбе ресми атымен танылған. 1929 жылы қалаға Сталиннің құрметіне Сталинабад атауы қойылды. Тек 1961 жылы ғана билік астанаға тарихи Душанбе атауын қайтаруды шешкен болатын.



Санто-Доминго — Доминикан Республикасының астанасы. Шаһар құрылғаннан, 1502 жыл аралығында Жаңа Изабелла атында болды. 1936-1961 жылдары қала атауында Сьюдад Трухильо тіркесі қолданылған. 1961 жылы қала Санто-Доминго деген атқа өзгертілді.



Бішкек 1825 жылы Қоқан хандығының Пішпек бекінісі орнында тұрғызылған. Қала орнында болған бұрынғы ортағасырлық сауда кенті Пішпек деп аталыпты. Бірақ 1991 жылы өз тәуелсіздігін алған соң, Қырғызстан басшылығы қаланың атын Бішкек деп өзгерткен. Әзірге «Бішкек» сөзінің нақты мағынасын көпке беймәлім.



Астана – Қазақстан Республикасының астанасы. Астана тарихы 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 жылы Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 жылы қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. 1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді. Айта кететін жайт, осыдан бірнеше күн бұрын, ҚР Парламенті «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы туралы» Декларация қабылдаған болатын. Құжатқа сай, Қазақстан астанасының атауы өзгертіліп, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі көрінетіндей жаңа атау таңдалмақ.