Әлемде ең көп фото түсірілетін көрнекі жерлер


Ел көріп, жер көріп, әлемдегі ең тамаша мекендерге саяхат жасағанды бар адам жақсы көрсе керек?! Қызығын тамашалау бір ерекше әсер сыйласа, ал суретке түсу естеліктің бір нышаны болып қалады.


Әлемде саяхатшылар ең көп баратын туристік орталықтар жетерлік. Бәрі де ең атақты мәдени орында, ғимаратта, ескерткіш жанында суретке түскісі келеді. Сондай-ақ өзі де сол жерді суретке түсірері хақ. Жуырда Skyscanner порталы әлемде ең көп фотоға түсірілетін көрнекі жерлердің рейтингін жариялады.



Бірінші орында - Эйфель мұнарасы



Парижге жолы түскен жандардың барлығы бұл жерге келмей кетуі екіталай.



Ал барып тұрып суретке түсірмеу мүмкін де емес. Туристердің 18%-ы мұнараны ең көп суретке түсірілетін көрнекі жер деп таныған.


Екінші орында Түркиядағы Каппадокия өңірі



Осы елдің ең бір көп қонақ қабылдайтын туристік нысандарының бірі.



Бұл ауданда жанартау атқылағаннан кейін түрлі кейіптегі үңгірлер пайда болған. Айрықша табиғаты көз тартады.


Үштікті Римдегі Колизей түйіндеген



Сондай-ақ алғашқы ондыққа Қызыл алаң (Мәскеу), Таймс-сквер (Нью-Йорк), Гуэль паркі (Барселона), Бурдж-Халифа (Дубай), Халонг мүйісі (Куангнинь), Тауэр көпірі (Лондон) және Виктория шыңы (Гонконг) енген.



Дереккөздер: Massaget.kz