Астанадағы өрт: 5 қыз баласынан айырылған отбасының тұрмыс деңгейі қандай


"Елорда Инфо" басылымы Астанада өрт салдарынан бес бірдей қыз баласынан айырылған отбасының тұрмысы туралы мәліметті жария етті. Басылымның мәліметінше, қайтыс болған балалардың анасы пластикалық карта шығаратын зауытта, ал әкесі көлік жөндеу орталығында шебер болып жұмыс істейді.




Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметі бойынша қайтыс болған балалардың анасы пластикалық карта шығаратын зауытта, ал әкесі көлік жөндеу орталығында шебер болып жұмыс істейді.



Осы күнге дейін бұл отбасы пәтер алу немесе баспанамен қамтамасыз ету жөнінде кезекке тұруға қатысты ешқандай өтініш білдірмеген. Олар жергілікті атқарушы органдардан да көмек сұрамаған.


Көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алып отырған, - деді Астана әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева әкімдікте өткен брифингте.


Отбасының ересек балалары 4 және 6-сыныптарда оқыған. 2014 жылы туған бала мемлекеттік балабақшаға барса, біреуі кезекте тұрған. 2016 жылы туған балаға биыл балабақшаға жолдама берілуі тиіс еді. Ең кішісі небәрі үш айлық болған.



Баспасөз хатшысының айтуынша, мектеп тарапынан отбасына мемлекеттік және демеушілер тарапынан көмек көрсетілген.


Мұғалімдердің айтуынша, қаза тапқан балалар сабақтан қалмай, өздерін жақсы жағынан көрсеткен. Отбасы табысы аз адамдар мәртебесінде тұрмайды. Ата-анасы екеуі де жұмыс істеп, табыс табады, - деді ол.



Ол отбасы Астанада 10 жылдан бері тұрып келеді. Қайтыс болған балалардың ата-анасымен психологтар және әлеуметтік қызмет мамандары жұмыс істейді.


Еске салайық, 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданындағы "Көктал-1" тұрғын үй алабында жеке үй өртенді. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылы туған бес бала қайтыс болды.



Бақыт Сұлтанов қайғылы оқиғаға байланысты шұғыл жиын өткізді. Ол төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы жұмысын сынады.