"Бәрі шындықты жазып, жылады": Томирис Байсафаның ісіне қатысты достарынан жауап алына бастады


Мәскеуде оқу орнының ғимаратының терезесінен құлап кетіп мерт болған қазақстандық Томирис Байсафаның анасы тергеу барысында өзінен және қызының достарынан жауап алынып жатқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, достарының бәрі бірауыздан Томиристің суицид жасауы мүмкін емес екенін жазып берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.




Бұл туралы марқұмның анасы Instagram желісінде жазды.


«Қазіргі уақытта бәрімізден жауап алынуда. Достары бір-бірімен келіспестен, бәрі бірдей Томирис туралы шындықты жазып, жылады. «Шеге ме – жоқ, іше ме – мүлде ұнатпаған, лидер ме – иә, кумирі – анасы, суицид туралы ойлады ма – ешқашан». Бәрі осылай жазды. Томпи – менің махаббатым. Әркез жүрегіме пышақ сұққандай болады. Онсыз қалай өмір сүретінімізді білмеймін. Барлығын алғыс білдіремін және жақсы көремін. Томпимен достықтарың және махаббаттарың үшін рақмет! Сен не істедің, нақұрыс…» – деп жазды Жанна Ахметова.



Сонымен қатар ол марқұм қызын еске алып, оны бәрі жақсы көргенін айтты. Ол күн сияқты еді, дейді анасы.


«Мен оның достарын білемін. Онымен нағыз доспыз. Мен оның достарымен де доспын. Сондықтан олар қазір де үйге келіп, хабарласып, хат жазып, менімен шай ішіп, кеңесіп, Томпидің атынан сыйлық жасайды. …Оны бәрі жақсы көретін. Құрбылары ол туралы: «Оны білмейсің немесе жақсы көресің», – дейтін. …Мен нақты білемін, оны бәрі жақсы көреді. Бәрі. Ол сондай адам. Онымен дос болғаныма мақтанамын», – дейді марқұмның анасы.



Еске сала кетейік, Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен еді. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.