Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтеді


Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 2019 жылдағы алғашқы жекпе-жегін 15 наурыз күні өткізеді. Бұл жайында боксшының менеджері Зия Алиев хабарлады, - деп жазады vesti.kz.




"Жекпе-жек 15 наурызға жоспарланған. Қарсыласы әзірге белгісіз. Данияр келесі апта жаттығу жұмыстарына дендеп кірісу үшін АҚШ-қа аттанады", - дейді боксшының менеджері.


Жекпе-жек қандай жүйеде өтетіні жақын күндері анықталмақ. Данияр қатысатын Филадельфиядағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде ирландиялық боксшы қыз Кэти Тейлор шығады. Ол чемпиондық жекпе-жекте бразилиялық Роус Волантемен (14-0, 8 КО) жұдырықтасады.



Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа 2018 жылдың наурыз айында біржола ауысты. Одан бергі аралықта 5 рет шаршы алаңға шығып, барлығында жеңіске жетті.


Соңғы рет Монакода никарагуалық боксшы Маркос Мохиконы нокаутпен жеңді.