Forbes рейтингіне енген 3 жас қазақстандық


Forbes: 30 under 30 рейтингі 2 сәуірде жарияланды. Бұл жолы қазақстандық шахматшы, жауынгер-роботтар жасаушы мен WiFi-роутер маршрутизаторын құрушы жеңімпаз атанды деп хабарлайды forbes.kz сайты. Олар Алена Ткаченко, Динара Сәдуақасова және Даурен Нұров.




3 қазақстандық Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің Forbes рейтингінің ең танымал және беделді жобасы саналатын "30 under 30" тізіміне енді. Әлемдегі ең бай адамдардың рейтингінен айырмашылығы, бұл жерде жиналған ақшаның сомасы маңызды емес. Негізгі критерий – саланы түбегейлі өзгертетін инновациялар. Мысалы, Марк Цукерберг 28 жасында Facebook акцияларын қор биржасына енді әкелген кезде осы тізімге енген.


Биыл Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің рейтингіне қатысу үшін 2000-нан астам өтініш берілген. Олардың ішінде 300 ең табысты және болашағы бар жас кәсіпкерлер таңдап алынған. Қазақстан келесі номинациялар бойынша ұсынылған:


Ойын-сауық және спорт



Шахматшы, шахмат академиясының негізін қалаушы Динара Сәдуақасова (22 жаста). Ол 14, 17, 18 және 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы жалғыз төрт дүркін әлем чемпионы атанған спортшы. 2017 жылдан бастап ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ізгі ниетті елшісі. Әлемдегі ең мықты шахматшылар рейтингінде 12-орынды иеленген. 2012 жылы әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер атағы берілді, ал 2017 жылы ерлер арасындағы халықаралық спорт шебері атанды.


Тұтыну технологиясы



Жеке WiFi маршрутизаторы Алена Ткаченко (29 жаста). Nommi жобасының негізін қалаушы. Nommi Қытайда жасалады және әлемнің кез-келген жерінде Интернетке жылдам және арзан қосылу мүмкіндігін береді.


Өнеркәсіп, өндіріс және энергетика



Робототехниканы өндіруге арналған Robotron Aspandau-дың негізін қалаушы Даурен Нұров (29 жаста). Шекарашылар, Ұлттық гвардия және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі "Қарақұрт" жауынгерлік роботтарын дамытуға қызығушылық білдірген. Дегенмен, Forbes Kazakhstan-ға берген сұхбатында Дәурен Нұров басты мақсаты өнімін шетелге шығару екенін айтқан. Атап айтқанда, Африкадағы және Таяу Шығыстағы ірі нарық. Робот оператордың қатысуымен, жасанды интеллект негізінде, қарулы және қарусыз, қарсылас және қарапайым нысандарды анықтайды, оларды жою туралы шешімді орындайды.


Толығырақ: Massaget.kz