Билл Гейтс қаржысын қайда жұмсайды?


Билл Гейтс - АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, әйгілі Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушы (Пол Алленмен бірге) және экс-президенті, негізгі акционері.


Forbes журналының әлемдегі бай адамдар рейтингі бойынша екінші (90 миллиард доллар) саты Билл Гейтске тиесілі. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күресуге ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек 10 миллион доллардан алады. Ал қалған ақшасы қайырымдылық қорына аударылады, деп хабарлайды Massaget.kz.




Қайырымдылық


1994 жылы Билл мен Мелинда Гейтс білім мен денсаулықты сақтауды қолдау, кедейлерге көмек беру мақсатында Уильям Гейтс қорын құрды. 2013 жылы қор қаржысы 34,6 миллиард долларды құрады.



2010 жылы Гейтс барлық миллиардерлерге байлығының жартысын қайырымдылыққа жұмсау жайлы ұсыныс тастаған. Оның бұл ұсынысын 40 миллиардер қолдаған еді.



Өнер


Гейтс 1994 жылы Леонардо да Винчидің "Лестер кодексі" кітабын 30 миллион долларға сатып алған. Кодекс 2003 жылдан бері Сиэтлдегі мұражайда сақтаулы тұр.


Университтер


Гейтс Стэнфорд университетінде өзінің атындағы компьютер ғимараты құрылысына 6 миллион доллар бөлген. Ғимаратта информатика пәні және компьютерлік жүйелер зертханасы бар. 1999 жылы Гейтс Массачусетс технология институтында компьютерлік зертхананының құрылысы үшін 20 миллион доллар бөлген.



Вегетариандарға арналған ет


Дәмі жағынан етке ұқсайтын жасанды ет жасап шығарумен айналысатын Impossible Foods жобасына Билл Гейтс 2013-2017 жылдар аралығында 208 миллион доллар ақша бөліп, қаржылай қолдап отырған. Миллиардер сонымен бірге, 2015 жылы Лос-Анжелестегі азық-түлік өндіретін Beyond Meat зауытына да 17 миллион доллар қаржы бөлген.


Қоқыстар


Waste Management компаниясы қоқыстарды тазалау мен оларға қатысты экологиялық қызметтерді атқарады. Билл және Мелинда Гейтстер қоры компанияның 1,46 миллиард долларлық акциясына иелік етеді.



Петиция


Әлемнің 196 елінде 150 миллионнан артық пайдаланушысы бар Change.org сайты 2014 жылы Гейтс және басқа инвесторлардан 30 миллион доллар алған.


Энергетика


2015 жылы Билл Гейтс пен Марк Цукерберг энергетиканың таза альтернативті көздерін табуға және дамытуға инвестиция тарту үшін Breakthrough Energy Coalition қорын құрды.


2018 жылы Гейтс компания мен ғимараттарды электрмен қамтамасыз ету үшін жоғары тиімді генераторларды өндіруге арналған EtaGen стартапына инвестиция салған.


Энергиямен байланысты тағы бір жоба – Varentec. Бұл қаладағы электр желісін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Гейтс 2014 және 2015 жылдары осы стартапқа инвестиция салған.



Қатерлі ісік диагнозы


2016 жылы негізі қаланған Grail компаниясы қан талдауы арқылы қатерлі ісіктің бастапқы кезеңін анықтауға арналған технологияны дамытумен айналысады. Компанияға Гейтс, Джефф Безос және Билл Марис қаржылай көмек көрсеткен.


Криптовалюталар


2017 жылдың қазан айында Билл мен Мелинда Гейтс Ripple криптовалюта жобасын қолдады. Bloomberg-ке берген сұхбатында Гейтс сандық валюталардың кедейлікті азайтуға көмектесетінін айтқан.


Альцгеймер ауруын емдеу


2017 жылдың қарашасында миллиардерлер ақыл-есі кемдерді диагностикалау қорына 50 миллион доллар инвестиция бөлген.



Ақылды қала


2017 жылы Гейтске тиесілі Cascade Investment Invest Group компаниясы Аризонадағы "ақылды" Белмонт қаласының дамуы үшін шамамен 80 миллион доллар бөліп, қаржылай көмек қолын созған.


Тұмау


2018 жылдың сәуір айында Гейтс Google компаниясының негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейджбен бірігіп тұмауға қарсы әмбебап вакцина жасау үшін 12 миллион доллар бөлетінін мәлімдеді.



Мутант шыбындар


Генетикалық модификацияланған шыбындар тірі шыбындарды өлтіреді. Гейтс безгекті жою мақсатында 2018 жылы мутант шыбындарды жасап шығару үшін 4 миллион доллар инвестиция салуға шешім қабылдады.


Білім


2018 жылы Гейтс АҚШ-та білім беру бағдарламаларына 460 миллион доллар бөлді.