Forbes - 2019: Еңбегі жоғары бағаланатын актрисалар

Forbes әдеттегідей еңбегі жоғары бағаланатын актрисаларының тізімін ұсынды. Рейтинг жасау барысында 2018 жылдың 1 маусымы мен 2019 жылдың 1 маусымы аралығындағы көрсеткіштер ескерілген, деп хабарлайды Massaget.kz.





Бірінші сатыға $56 миллион тапқан Скарлетт Йоханссон жайғасты. Актриса табысының көп бөлігін Marvel киноәлеміндегі рөлі үшін тапты. Нақтырақ айтқанда, ол "Қара жесір" және "Кекшілдер" фильміне түскені $35 миллион қаржы алды. Аталған картина прокатта $ 3 миллиард жинап, рекорд жаңартқан еді.



Екінші орындағы София Вергара биыл $ $44,1 миллион тапқан. Үздік үштікті Риз Уизерспун ($35 млн) түйіндеді. Алғаш рет рейтингке Анджелина Джоли, Джулия Робертс, Кейт Бланшетт және Дженнифер Лоуренс кірмей қалды.



Сонымен, актерлер кірісінің нақты саны төменде көрсетілген:


1. Скарлетт Йоханссон - $ 56 миллион


2. София Вергара - $ 44,1 миллион


3. Риз Уизерспун - $ 35 миллион


4. Николь Кидман - $ 34 миллион


5. Дженнифер Энистон - $ 28 миллион


6. Кейли Куоко - $ 25 миллион


7. Элизабет Мосс - $ 24 миллион


8. Марго Робби - $ 23,5 миллион


9. Шарлиз Терон - $ 23 миллион


10. Эллен Помпео - $ 22 миллион


Бұған дейін Forbes ең көп табыс тапқан актерлардың тізімін жариялаған еді. Көшті соңғы бір жыл аралығында "Рэмпейдж", "Аспанмен таласқан ғимарат", "Форсаж: Хоббс мен Шоу" аталатын картиналарға түсіп үлгерген Дуэйн Джонсон бастады. Екінші және үшінші орынға "Кек алушылар: Финал" фильмінің басты актерлары Крис Хемсворт пен Кіші Роберт Дауни жайғасты.