Әйел образы арқылы танымал болған артист ерлер


Әйел образы сұлулық пен жарасымның символы ғана емес. Ол сонымен бірге біреулерге талантымен танылуға және сәтті карьера жасауға ықпал етті.


Baribar.kz әйел бейнесімен танымал болған еркек артистерді еске түсірді.




Берік Тұрсынбеков (Күлпәш)



"Шымкент шоу" әзіл-сықақ театрының директоры, актер Берік Тұрсынбеков халық алдында ер азамат ретінде емес, келін Күлпәш ретінде жақсы танымал. Ол қазіргі Түркістан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. Бала кезінен артист болуды армандаған Берік төрт жыл қатарынан өнер институтына түсе алмапты. Негізгі мамандығы – экономист.


Ерболат Төлегенов (Шімән апа)



"Әзіл әлемі" театрының артисі Ерболат Төлегенов жұртшылыққа Шімән апа образымен танымал. Ол 1983 жылы 2 қыркүйекте Ақтөбе облысында дүниеге келген. Мамандығы – кино және телевизия актеры. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының драма бөлімін бітірген.


Нұртас Адамбаев (Сабина келін)



Нұртас Адамбаев халыққа Сабина келін образымен танымал. Ол бұл образға "Жетінші арнадағы" "Побег из аула", "KZландия" шоуы арқылы келген. Кейін "Сабина келін" атты фильм түсіріп, өзі басты рольде ойнап шықты. Нұртас Адамбаев 1981 жылы 14 желтоқсанда Таразда дүниеге келген. Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.


Жалпы, әйел образын сомдау арқылы танымал болған отандық артистер көп. Олардың қатарында "Өнер қырандары" әзіл-ысқақ театрының актеры Жанболат Найзабеков, "Нысана" театрының актеры Нұрбол Айтулов, "Шаншар" театрының актеры Нұржан Құлшынбаев және басқалар бар. Бұл тізімге "Алып қашу операциясы" фильмінде әйелдің бейнесін сәтті сомдап шыққан Тұрсынбек Қабатовты да қосуға болады.