Қазақстан прокатына 8 жаңа фильм шығады


Бейсенбіде үлкен экраннан түрлі жанрдағы тағы 8 фильм көрсетіледі. Олардың арасында әнші Бүркіт түсірген "Тілек тіле" комедиясы да бар, деп хабарлайды Вaribar.kz.




"Робин Гуд"


Шығарушы мемлекет: АҚШ


Режиссеры: Отто Батхёрст


Жанры: шытырман оқиғалы


Жас шектеуі: 14 жасқа дейін


Фильмде Крест жорығынан оралған Робин Гуд және оның сенімді серігі Англияның жемқорлыққа батқан шенділерімен күреседі.


"Суспирия"


Шығарушы мемлекет: Италия, АҚШ


Режиссеры: Лука Гуаданьино


Жанры: фэнтези, үрейлі, детектив


Жас шектеуі: 18 жасқа дейін


Америкалық бойжеткен Берлинге келіп, атақты би тобының құрамында өнер көрсетпекші. Бірақ ол студия ішінен әлдебір зұлым құбылысты байқайды. Егер бұл қарғыстың мәнін ашпаса, ол өзі кезекті құрбанға айналмақ.


"Ағайынды Систерс"


Шығарушы мемлекет: АҚШ, Франция, Бельгия, Испания, Румыния


Режиссеры: Жак Одиар


Жанры: драма, комедия, қызық оқиғалы, вестерн


Жас шектеуі: 18 жасқа дейін


Систерс деген басбұзар ағайынды екеу құпия Командордың тапсыруымен әлдебір алтын іздеуші Уормды өлтіруі керек. Бірақ өмірде жолы болғыш бауырлар аса айлакер адамның соңына түскенін білмейді.


"Тілек тіле"


Шығарушы мемлекет: Қазақстан


Режиссеры: Айбек Жансейітов


Жанры: комедия


Жас шектеуі: 14 жасқа дейін


Мәриям есімді қыз жұмысынан, достарынан және сүйгенімен бірге болуға деген үмітінен айырылады. Бірақ оған көмекке сиқырлы қаламы бар періште көмекке келеді.


"Жолсерік"


Шығарушы мемлекет: Ресей


Режиссеры: Илья Максимов


Жанры: триллер


Жас шектеуі: 16 жасқа дейін


Басты кейіпкер - егіздің сыңары Катя тылсым күшке ие. Ол елестерді көре алады. Бірде Катяның сыңары жоғалғанда ол бауырын жалғыз іздеуге кіріседі. Себебі полиция қызметкерлері оның сыңары барына сенбейді. Бірақ кейіпкер сыңарын іздеу кезінде қалада кісі өлтіруші барын анықтап, бауырының сол адамның құрбаны болғанын түсінеді. Катяда оны қалайда құтқарамын деген үміт бар.


"Колетт"


Шығарушы мемлекет: Ұлыбитания, АҚШ, Венгрия


Режиссеры: Уош Уэстмоленд


Жанры: драма, өмірбаян, тарихи


Жас шектеуі: 16 жасқа дейін


Фильм Сидони-Габриэль Колетт пен Анри Готье -Виллара деген жазушылардың некесі жайында. Екеуі үйленген соң Уилли әйелі Колетті кезекті шығарманы өзінің атынан жазуын өтінді. Сөйтіп Колеттің ұшқыр ойлы қыз туралы кітаптары бестселлерге айналып, Парижде күйеуі екеуі танымал болады. Бірақ Уилли оны тағы бір роман жазуға көндірмек болғанда Колетт шығармашылық бостандық пен гендерлік құқығы үшін күрес бастайды. Осылайша ол әдебиетті, мода мен сексуалдық болмысын насихаттай отырып, қоғамдық сананы өзгертуге әрекеттенеді.


"Бәрі бар немесе ештеңе жоқ"


Шығарушы мемлекет: Ресей


Режиссеры: Дмитрий Суворов


Жанры: комедия, шытырман оқиғалы


Жас шектеуі: 16 жасқа дейін


Сюжет бойынша үш менеджер бірігіп, жемқор бастығын орнынан кетіру үшін қылмыстық топ құрады. Бұл топ экстремал жоспар құрып, басшысының 50 миллионын ұрлауды ойластырады.


"Баттерфляймания"


Шығарушы мемлекет: Франция


Режиссеры: Ирина Фонтен


Жанры: деректі, отбасылық, шытырман оқиғалы


Жас шектеуі: 12 жасқа дейін


Өзің көрмеген, білмейтін нәрсені қалай жақсы көруге болады? Бұл сұраққа жауап табу үшін біз әлем картасында жоқ жерге саяхатқа шығамыз. Бұл маршрут балалық шағына оралғысы келетін ересектерге және есеюді армандайтын кішкентай бүлдершіндерге арналған. Бұл - Жердің ең қарапайым әрі елеусіз тұрғындары - жәндіктер әлеміне саяхат.