Атышулы трансгендер Амилай күйеуге шығатынын айтып, оқырмандарын таңғалдырды


Атышулы трансгендер Амилай Баймұратоваға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.

Бұл туралы ол instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Қолына сақина тағып, гүл ұстап тұрған суретін парақшасына жүктеген ол: «Мен «иә» дедім», - деп жазды.


Бірақ сүйіктісінің кім екені жайлы ештеңе айтылмаған.

Былтыр әлеуметтік желіні шулатқан трансвестит Амилай Баймұратова желідегі оқырмандарына «Ұрпағымды қалдыру керекпін, содан соң жыныс ауыстырамын», - деп жауап берген еді.