Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты


Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлемдік бокс турнирінде ел намысын 4 боксшы қорғайды. 4 қараша күні Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін), Махмуд Сабырхан (54 келіге дейін), Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін) және Серік Теміржанов (57 келіге дейін) жартыай финалдық кездесуде жеңіске жетті.


Теміртас Жүсіпов Беларусиядан келген Евгений Кормильчиковты сұлатты. Финалда қазақстандық таиландтық Вуттича Юрачаеммен жұдырықтасады.


20 жастағы Махмуд Сабырхан Үндістаннан келген Ақшай Кумарды жеңді-5:0 есебімен.


Сәкен Бекбосынов жартылай финалда таиландтық Танарат Саенгфетті 4:1 есебімен басым түсті. Финалда Бибосыновтың қарсыласы америкалық Роско Хилл болмақ.


Серік Теміржанов Кубалық Освель Кабальероны жеңді. Жекпе-жек 3:2 есебімен аяқталды. Бірінші раундтың соңында қазақстандық боксшы Кабальероны нокдаунға жіберді. Финалда Теміржанов америкалық Джамал Харвимен кездеседі.



Естеріңізге сала кетейік, Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатына ел намысын қорғау үшін он төрт боксшы аттанған болатын. Ақтық мәре 5-6 қараша күндері өтеді.