Коронавирустан кейін әлемде қандай өзгеріс болады? | 14320



Дәл қазір адамзат үлкен сынақты бастан өткеріп жатыр. Бұл сынақтың қашан ауыздықталатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Тіпті бұл ең үлкен дағдарыс болуы да мүмкін. Ztb.kz ақпарт агенттігі белгілі тарихшы әрі философ Юваль Ной Хараридің пікірін ұсынады.




Тарихшының айтуынша, кез келген адамның ішінде бұл індетпен күресумен қатар, дауыл аяқталғаннан кейінгі өмір туралы сұрақ болуы керек дейді. Адамзат алдында екі түрлі таңдау бар:


  • Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тотаритарлық бақылау мен кеңейту арасындағы таңдау;
  • Ұлттарды оқшаулау және әлемдік ынтымақтастық арасындағы таңдау;


Егер бәрі карантинге жабылып, үйден жұмыс істейтін болса экономикаға қалай әсер етеді? Білім жүйесінде қандай өзгеріс болады? Адамзат онлайн өмірге дайын ба? Дәл осы сұрақтарға жауап беретін қоғам да дайын емес.


Бұл дағдарыста бізге (тоталитарлық режимдер сияқты) толық бақылау енгізу мен азаматтық қоғамның ықпалын күшейту арасында, мемлекет деңгейіндегі оқшаулау мен жаһандық ынтымақтастық арасында таңдау жасау керек.


Израиль тарихшысы пандемияны тоқтату үшін, халық нақты ережелерді сақтауы тиіс деп санайды. Бұған барлық азаматтарды қадағалау және орындамайтындарды жазалау арқылы қол жеткізуге болады. Бүгінде заманауи технологиялар бұл мүмкіндікке қол жеткізді және кейбір ел (ең айқын мысал-Қытай) осындай шараларды енгізді. Олар сенсорлар мен қуатты алгоритмдердің көмегімен ауру жұқтырған адамдардың температурасы мен жағдайын қадағалайды, олардың орын ауыстыруын және байланыстарын қадағалайды. Мобильді қосымшалар дені сау адамдарға вирус тасығыштың жақындағаны туралы ескертеді.


Бұл Шығыс Азия елдерінде ғана кездесетін жағдай емес. Мысалы, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жақында лаңкестікке қарсы күресте қолданылатын бақылау технологиясының көмегімен коронавирус пациенттерін бақылауға рұқсат етті.


Тарихшының сөзіне сенсек, енді билікке смартфондағы сілтемені басу арқылы қай ресурсқа ауысатыныңызды білу жеткіліксіз. Олар қазір температура мен қан қысымның қандай екенін көргісі келеді. Мәселе біз олардың қай кезде бақылап отырғанын нақты біле алмаймыз. Мұның екінші жағы - одан да ілгері қадағалау жүйесін легитимизациялау. Мысалы, CN емес, Fox News материалын көргім келеді, бұл менің саяси көзқарастарым туралы көп мәлімет бере алады. Бірақ сіз бақылау кезінде менің денемде не болып жатқанын мониторингілеу мүмкіндігі бар болса, менің жылап, не күліп тіпті ашуланып отырған эмоциямды көре аласыз.


Тарихшының айтуынша, коронавирусты жұқтырғандардың пайызын нөлге дейін төмендететін болсақ та, кейбір ел үкіметі "коронавирустың екінші толқыны" немесе Эбола және т.б. вирустардың пайда болу қауіпіне байланысты деп осы шараларды қолдануды жалғастыра беруі мүмкін.


Мәселенің тамыры - адамдар жеке өмірі мен денсаулығы арасында таңдау мәжбүр. Бұл дұрыс емес ! Біз басқа да құқыққа иеміз. Сондықта тарихшы былай дейді, біз COVID -19-бен жалпыға бірдей бақылау арқылы емес, азаматтық қоғамды нығайту арқылы күресуіміз керек.


Бұл пандемия бізді мемлекет азаматы ретінде және әлем халқы ретінде жекелей тексеруге бағытталған. Жақын арада бізге таңдау жасауға тура келеді: ғылыми жаңалықтар мен арнайы мамандарға сенім арту немесе өз мүддесіне жұмыс істейтін саясаткердің айтқанына иек артып, жалған ақпаратқа құлақ аса отырып денсаулықты сақтау жолында еркіндік мен азаматтық құқықтан бас тарту.


Бұл індетпен жеке-жеке мемлекет күресе алмайды. Бұл қиындықтан алпауыт елдер күш біріктірген кезде ғана шығуға болады. Мәселен, АҚШ пен Қытай өзара вирус туралы ақпарат алмаспайды. Не үшін екені белгілі.


Адамзат үшін маңызды таңдау жасау керек: жекелеп өмір сүру немесе ынтымақтастық. Егер адамзат оқшаулау жолын таңдаған болса, ол коронавирус дағдарысын созып, болашақта одан да нашар апаттарға әкелуі мүмкін. Егер ынтымақтастық жолын таңдаса, бұл вирусты да, болашақ індеттерді де жеңеді, деп санайды тарихшы.