​Президент Тоқаевтың 5 бастамасы



Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары жайлы оның осы жылы қыркүйекте жасаған жолдауынан аңғаруға болады. Жолдауға дейін айтып жүрген бастамалардың барлығын жиып-теріп жолдауға тоғыстырғаны белгілі.



Сонымен жаңа президент әрі мемлекет мемлекет басшысы ретінде Тоқаевтың қандай бастамалары бар, соларға тоқталып көрсек. Жалпы, жаңа президент Қасым-Жомарт Кемелұлына деген халықтың үміті ерекше, сенімі мол. Сауалнама деректеріне көз жүгіртсек, Тоқаевқа сенім білдірушілердің үлесі біршам артқан, яғни, 70 пайызға дейін көтерілген.


Сот және құқық қорғау жүйесін реформалау


Сот – заңның орындалуына қамтамасыз ететін орган. Заңдың кепілдігі. Қоғам мүшелеріне құқық қорғау органдарынан болсын, атқарушы органдарынан болсын орындалуы аса маңызды. Сондықтан судьялар жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы – бұл үлкен міндет.


Сол себепті, президенттің ойынша, судьялар мен осы қызметке үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін қатаңдату керек.


- Судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие. Дегенмен, сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру қажет, - дейді мемлекет басшысы жолдауында.


Осыдан жаңа президент құқық қорғау органдарын ғана емес елдің сот жүйесін де өзгерту керек деп санайды. Құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндеттердің бірі. Полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналады.


- Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы, - дейді Тоқаев.


Мемлекет басшысы Қазақстандағы сот пен құқық қорғау органдарын реформалау қажеттігін БҰҰ-ның Бас штабының отырысында сөйлеген сөзінде де айта кеткен еді.


- Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдары мен сотқа түбегейлі өзгерістер енгізіледі, - деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Бірыңғай тұрғын үй саясаты


Бірыңғай баспана саясатын әзірлеу туралы бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында да ұсынған болатын.


- Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру. Үкімет жүйесіз бағдарламалар қабылдау тәжірибесін тоқтатып, тұрғын үй саясатын жетілдірудің бірыңғай моделін әзірлеуі қажет, - деген болатын президент Жолдауында.


Бұл саясаттың қазір біршама жүйеге түсті. Енді баспана бағдарламалары тұрғындардың тұрмыс жағдайына қарай беретін жүйе жасалды.


- Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру тапсырмасы аясында баспанаға қол жеткізудің сатылы жүйесі енгізіліп жатыр. Мұнда ең негізгі айқындаушы фактор халықтың табысы болады, - деп хабарлады жаңа тұрғын үй бағдарламасын құрап шығарған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.


Сыбайлас жемқорлықты жою


Қыркүйек айынан бастап жемқорлықтың деңгейін мейлінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалуда.


- Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуісін қайта қалпына келтіру қажет. Сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ, - дейді президент жолдауында.


Соңғы уақыттары браконьерлікпен байланысты оқиғалардың астында сыбайлас жемқорлық жатқаны қоғамға айтыла бастады. Мәселен, Қытайға үш мың ақбөкенді атып, мүйізін өткізбек болған оқиғаның түбінде де құқық қорғау органдары мен шекарашылардың, қылмыстық топтардың арасында әлдеқандай жемқорлық бар екенін көрсеткендей болды.


Мұның барлығы – Тоқаевтың жемқорлықты жою саясатынан шыға бастаған нәтижелер.


Әділетті әлеуметтік саясат


Дәрігерлер мен мұғалімдердің, университет оқытушылардың еңбекақысын көтеру, халықтың әлеуметтік жағдайын, әл-ауқатын жақсарту, адам капиталын дамыту, сапалы біліммен, медицинамен қамту, құқығын қорғау сынды ұстанымдардың барлығы осы категорияға енеді.


Адам капиталын дамыту үлкен маңызға ие білім саласының сапасын жақсарту күн тәртібінде тұрған мәселе. Оның ішінде еңбек нарығына қажетті мамандарды оқытып, тәрбиелеп шығару деген іргелі ұғым қолданыстан қалып барады. Сондықтан мұғалімдерге, оқушыларға бөлек-бөлек назар аударылып, отандық білім берудің ұлттық стандартын жасау шаруасын бастау алу керек.


- Біз оқушылардың қабілетін айқындап,кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс. Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуіміз керек, - дейді президент Жолдауында.


Зейнетақы жүйесін жөндеу


Мемлекет басшысының зейнетақы қорын үнемді жұмсау мен оны қолдануға азаматтардың өзіне де арастыру идеясы қоғам мүшелерінің көбінің ойынан шықты. Содан азаматтардың жинаған зейнетақы қорының қаржысын да қолдануға болады дегендей түсінік пайда болды. Әсіресе, баспананың алғашы жарнасын зейнетақы арқылы төлеуге мүмкіншілік туса, көбінің айы оңынан туары сөзсіз.


- Бұл ретте, зейнетақы активінен түсетін инвестициялық табыс пен жинақ деңгейі төмен болып қала бермек. Сондықтан Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізуі керек. Қазір жұмыс істеп жүрген адам өзінің зейнетақы жинағын тек зейнетке шыққаннан соң ғана пайдалана алады, - дейді мемлекет басшысы.