Өрт сөндіруші құтқарушы 33 жас маман ант қабылдады


Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің №15 жаңа өрт сөндіру бөлімінің аумағында өрт сөндіруші-құтқарушылар ант берді. Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткен шарада 33 жас маман мүлтіксіз қызмет атқарамыз деп ант қабылдап, кәсіби маман атанды. Бұл жыл сайынғы дәстүр.

«Тек ең айбарлы, ержүрек және батыл адамдар ғана өзінің өмірлік қызметі ретінде құтқарушы мамандығын таңдайды. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз қызметтік парыздарыңызды бұлжытпай орындайтындарыңызға сенімдімін. Біз ел тағдыры, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі қызметіміздің нәтижелілігіне, ұйымдастырылуы мен жауапкершілігіне байланысты екенін сезінуіміз керек» – деген Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Самат Асаинов жеке құрамға лебізін білдірді.