23 миллион теңгеге салынған тиінді алып тастайды | 1515


Алматы қаласындағы алып тиінді алып тастайды. Оны Атакент аумағына көшіру туралы шешім шықты. Бұл туралы Бостандық ауданы әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді.




Аудан әкімінің айтуынша, тиінді көшіру жұмыстары наурыз айында жүзеге асады.


– Арт нысанға қатысты тұрғындардың пікірі екі бөлінген. Бірі құптасы, енді бірі қарсы. Қоғамдық пікірді ескере отырып, мүсінді толық бұзбаймыз деп шештік. Бірақ «Атакент» аумағына көшіріледі деген шешім қабылданды, – деді аудан әкімі.