Әлемнің ең бай адамдары бір күнде 139 млрд доллар жоғалтты


Әлемдегі ең бай 500 адам жалпы жиынтық есепте дүйсенбі күні бір күн ішінде 139 млрд доллар жоғалтты. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.



Бұл – 2016 жылдың қазан айында агенттік осындай бақылаулар жүргізе бастаған сәттен бастап есептегендегі рейтингке енгізілген адамдардың жоғалтқан ең көп шығындары.


АҚШ-тағы қор саудасы дүйсенбі күні жаңа коронавирустың таралуы әлемдік экономикаға залал келтіруі мүмкін деген қауіптерге орай баға белгіленімдерінің төмендеуімен аяқталды.