12 жастағы биші-мұғалім қазақстандықтарды таңқалдыруда

12 жасар Элая Байшақова Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатқан жас жұлдыз. Ол ел ішінде де, шетелде де әртүрлі стильдегі би батлдарына қатысып жеңістің дәмін татқан. Өзі бала болса да биші қыз балалар мен жасөспірімдерді би өнеріне баулып, сабақ береді. Қазірдің өзінде шәкірттерінің жетістіктерімен мақтана алады. Жас жұлдыз туралы ақпаратты BAQ.kz хабарлайды.


Элая Алматыда дүниеге келіп, өмірінің алғашқы жылдарын сонда өткізген, 2013 жылы отбасымен Нұр-Сұлтанға көшіп келген. Осыдан кейін кішкентай қыздың биге деген қызығушылығы оянған. Элая билеуді кездейсоқ бастады, 2015 жылы отбасымен бірге ойын-сауық кешенінде қыдырып жүріп, ырғақты музыка естіліп тұрған студияға соға кетеді. Ырғақты би Элая мен оның үлкен ағасы Раульді де таңғалдырды, ата-анасы болса балаларға биге қатысып көруге кеңес береді.




Содан бері 6 жасар Элая мен 8 жасар Рауль екі жылдан кейін Орталық Азиядағы International Street Dance Session атты халықаралық көше биі сессиясында алғаш рет өз шеберліктерін көрсету үшін хип-хоп биінің негіздерін үйренді. Онда Қазақстан мен ТМД елдерінің түкпір-түкпірінен келген ең үздік бишілер өнер көрсетеді. Байқауға бірінші рет қатысқан Рауль «Хаус алғашқылар» санатында, Элая болса «Хип-хоп балалар» санатында жеңіске жетіп, ата-анасы мен жаттықтырушысын қуантты.


Жаттықтырушыары тағы басқа байқаулар мен би сайыстарын жоспарлап жүргенде, Байқошқаровтар отбасы Алматыға көшетіндерін айтқан.


2018 жылы Алматыға көшкеннен кейін Элая мен Рауль жаңа би студиясында оқуын жалғастырды. Бұл кезеңде аға-қарындастың би шеберлігінің деңгейі айтарлықтай жақсарды, бұл оларға би додаларына қатысуға ғана емес, сонымен қатар жүлделі орындарға ие болуға мүмкіндік берді. Бишілердің анасының айтуынша, олардың жетістігіне Алматыдағы дамыған би мәдениеті, жаңадан келген мұғалімдердің тәжірибесі ықпал еткен.



Рауль мен Элая жергілікті іс-шараларда жиі жеңіске жетіп, Қырғызстанға, Мәскеуге, Италияға барған кездері болды, - дейді балалардың анасы.

Биші балалардың анасының айтуынша, Рауль мен Элаяның би сайысындағы жетістіктерінің жағымсыз жақтары да болған. Ағасы мен қарындасы би додаларында бір-біріне қарсылас болған жағдайлар да жиі кездесіп тұрған. Бұл жағдайда ата-ана бейтараптықты сақтаған.