Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуімен ажырасты

Танымал әнші, продюсер Мөлдір Әуелбекованыі екінші некесі де сәтсіз аяқталды. Бұл туралы әнші өз инстаграм парақшасында бөлісті.



Бұл туралы әнші әлеуметтік парақшасында жариялаған сұрақ-жауап айдарында мәлімдеді. Әуелбекова жалғызбасты ана болудың қаншалықты қиын екенін айтып, шағымданған оқырманына кеңесін айтты.




Мұнымен қоса, танымал әнші болашақта өнермен түбегейлі қоштасқалы жүргенін де жасырмады.



Айта кетейік, әнші 2020 жылы екінші рет тұрмыс құрған болатын. Әуелбекова 2021 жылдың маусым айында қыз баланы дүниеге әкелді. Әншінің бір ұл, бір қызы өсіп келеді.