Кунг-фу қария


Бұл видео Казнетте өткен аптада пайда болды. Куәгерлердің сөзінше, егде жастағы ақсақалды тепкен сот орындаушысы Әділ Ермеков. Видеоға зер салып қарасаңыз, ақсақалдың жамбасы мен бүйрегіне соққы жасалған.


Полиция қызметкерлері, материалды толық зерттеп, тергеу амалдары "сот орындаушыларының қызметіне кедергі жасау" бабы бойынша жүргізіле алмайтынын хабарлады. "Қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды. Ақсақал жазаланбайды"-деп хабарлайды EXK.kz Алматы қалалық ПД басқармасына сілтеме жасап.


Естеріңізе сала кетейік, осыған дейін интернетте ақсақалдың сот орындаушысына соққы жасаған видеосы тараған болатын. Бірақ тәртіп сақшылары қарияны жауапкершілікке тартпаған болатын. Кім-кімге және неге ызыланғаны енді түсінікті болғандай.