Солтүстік Қазақстан облысында 2 678 үй су астында қалды

Солтүстік Қазақстан облысында 2 678 үй әлі де су астында қалып отыр. Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Облысымыздағы жағдай тұрақталып келеді. Сергеев су қоймасы ернеуінен су 1 метр 20 см асты. Тәулік ішінде 6 см төмендеді. Есіл өзенінің жоғарғы жағында су деңгейінің едәуір төмендегені байқалады. Есіл ауданында Есіл өзенінде Покровка селосының гидробекетінде су деңгейі 25 см, Новоникольское селосында 23 см төмендеді. Ал Петропавлда да су деңгейі 23 см төмендеп отыр. Яғни, тұрақты түрде төмендеу байқалады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның дерегінше, СҚО су тасқынының басынан бері 3 898 үй су басты, оның ішінде 1 220 үйден су кетті. Қазіргі сәтте облыста 2 678 үй және 626 үй маңындағы аула суда тұр. Жалпы өңір бойынша 143 88 адам эвакуацияланды, олардың – 3 596-сы бала. Бүгінгі күнге 5 567 адам үйлеріне қайтты, олардың 2 030-ы - бала. Эвакуациялық пункттерде 8 821 адам, оның 1566 бала қалып отыр. Көшірілген адамдар 11 халықты уақытша орналастыру пункттерінде орналастырылды, олардың 6 ауданда, 5 облыс орталығында орналасқан. Оларға ТЖМ Апаттық медицина орталығының, ТЖ департаментінің психологтары мен дәрігерлері қызмет көрсетуде.

Другие новости