Чемпионат Азии проходит в Чиангмае (Таиланд)
Болған жағдайды желіде Алма Сайлауқызы деген қолданушы жазды, деп хабарлайды ZTB News.
Көшпенділер ойынына “усиление” үшін келген жігіт тұрған жерінде құлап, комаға түсіпті. Жаңбыр астына таңнан кешке дейін тұрған сарбаз командиріне бірнеше күн бойы қызуы көтеріліп тұрғанын айтса да, тәртіп солай деп елемеген, - деп жазыпты желі пайдаланушысы.
Аталған ақпаратты қалалық полиция департаменті Massaget.kz сайтына растады.
"Қазіргі таңда мән-жай анықталып жатыр, қосымша ақпаратты хабарлаймыз", - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Эльмира Шауленова.
8-13 қыркүйекте Астанада X Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны өтеді. Алдын ала болжам бойынша, ойынға 2430 қатысушы, 100 мыңға жуық турист келеді.