1400 жыл бұрын салынған мешіт


Бұл тарихи мұра осыдан тура жеті ғасыр бұрын салынған. 1400 жылдары Батыс Африкадағы Гана елінде салынған мешіт әлі күнге дейін мұсылмандардың игілігіне жарап келеді. Ғажайып мешітті фотосуретке, видеоға түсіруге тыйым салынған екен. Журналистер мешіт имамына Алла үйінің тарихы жайлы жазып, оны халыққа жеткізу үшін фотолардың керек болатынын түсіндіргеннен кейін ғана рұқсат етіпті. Ақпарат Мuftyat.kz сайтынан алынды.




Жергілікті тұрғындардан сырт бұл мешіт жайлы өзге жұрт бірінші рет көріп тұр. Әлем жұртшылығына ұсынылған фотосуреттер мешіттің алғашы суреттері болмақ.


Ларабагана мешіті 1400 жылдардың басында осы өлкеге Шейх әл-Мәдина әл-Мунаууара жіберген Ибрагим Аюба әл-Ансари жағынан тұрғызылған.




Бұл мешітке кірер кішкентай есік. Қарамен боялған тұсы оның келу қайнарын білдіріп тұрады дейді мешіттегілер.


Мешіт ішінің ауасы даланың ыстық болуына қарамастан үнемі салқын температураны ұстап тұрады. Мешіт төбесін тіреп тұрған қара ағаштар жақын маңдағы орманнан әкелінген. Ағаштар қазір металл сияқты қатып қалған.



Мешіт негізін қалаушы Аюба әл-Ансари осы алып ағаштың маңына жерленген. Ол пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ анасымен рулас дейді жергілікті адамдар.





Әр жыл сайын осы 500 жылдық тарихы бар ағаштың жемістері пісіп, жапырақтары жерге түсе бастаған кезде бұл жердегі әр рудың адамдарына үлестіріліп, үлкен тойға ұласады. Бұл ағаш осындағы халықтың береке-бірлігінің, бейбітшілігі мен бауырластығының белгісі сияқтанып тұрады.




Әр жылы жаңбырлы маусымнан кейін жергілікті халық жиналып мешіттің сыртын сылап, жаңартып шығады. Мешіт қабырғасында тұрған ағаш бұтақтары осындай жөндеу жұмыстары кезінде ғимараттың әрбір бөлігін, деңгейін көрсетіп тұратын белгі ретінде пайдаланылады.



Бұл жоғарыдағы мешіттің михраб бөлмесі, оған мешіттің шатыры арқылы кіруге болады. Ибрагим Аюба әл-Ансари бұл жерді өз кезінде тек Құран оқуға, дұға жасауға пайдаланған деседі.



Другие новости