Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации просят вернуть их на Родину
Коронавирус COVID-19 Қазақстан мен Өзбекстанға жетті. Бүгінде Қазақстанда 33 адам вирус жұқтырды (18 наурыздағы жағдай). Бірақ бір адамның жауапсыз әрекеті, бұл көрсеткішті одан сайын көбейтіп, үлкен зардапқа әкелуі мүмкін. Оңтүстік Кореяның “31-пациент” оқиғасы Орта Азия елдері үшін үлкен сабақ болмақ.
Өткен айда Оңтүстік Кореяда 18 ақпанда 31 адам вирус жұқтырса, 24 ақпанда олардың саны 760-қа дейін күрт өсті. Бұл жайлы әлемдік БАҚ жазған болатын. Вирус жұқтырғандардың жартысы діни топтың мүшесі болып шықты.
Вирус 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында тез тарап кетті. Бұл екі күн ішінде Синчонджи шіркеуінің негізін қалаушылардың бірінің жерлеу рәсімі өтті. Бір ғимараттың ішінде мыңға жуық адам еденде бір-біріне жақын отырып, салт дәстүр бойынша жерлеген болатын. Бұл жайт вирустың таралуына тамаша жағдай болды.
Билік ауруды анықтау бойынша ауқымды науқан бастады, бірақ бір мәселе бар еді: секта мүшелері байланысқа шықпай, күнделікті өмірін жалғастыра берді. Наурыз айының басында билік 230 мың секта мүшелерін тексеріп, жауап алды, ол кезде вирус тарап кеткен еді.
Елде жағдай ушығып барады: 1 наурызда вирус жұқтырғандардың саны бойынша Корея Қытайданкейін екінші орында болды (3736 жағдай, олардың жартысы секта мүшелері). 4 наурызда елде 5 мыңнан астам науқас, 9 наурызда – 7,5 мың науқас тіркелген.
Отыз бірінші пациент
Синчонджи сектасының қандай қатысы бар? Оңтүстік Корея билігі “31-пациент” деп аталатын 61 жастағы әйел туралы айтады (ол елдегі жағдай ушықпай тұрып вирус жұқтырған 31-ші тұрғын болған).
The New York Times мәліметтері бойынша, 7 ақпан күні әйел Тэгу қаласының ауруханаларының бірінде кішігірім жол-көлік оқиғасынан кейін тіркелді. Келесі күні ол тамағы ауырып тұрғанын айтты. Жексенбі күні шіркеудегі рәсімге қатысты. Дүйсенбі күні температурасы көтеріліп, ауруханаға жатқызылды. Бірақ бір аптадан соң, демалыс күндері, науқас шіркеуге құлшылық ету үшін қайта барады. Бұл күні мыңдаған сектанттар жерлеу рәсімін өткізу үшін жиналған еді. Дәрігерлер бұған дейін әйелге коронавирусқа тексерілу үшін басқа ауруханаға баруына кем дегенде екі рет кеңес берген. Бірақ науқас соңғы айларда Қытайда болмағанын, сондай-ақ коронавирус тасымалдаушыларын кездестірмегенін айтты.
Дүйсенбі күні науқастың жағдайы нашарлап кетті, ал сейсенбі күні вирус жұқтырғаны анықталды.
Салдары
Бастапқы кезеңдерде секта мүшелерінің қырсықтығы мен бір адамның қоғам алдындағы жауапсыздығы Синчхонджи шіркеуіне қатысты жағымсыз пікірдің туындауына әкеп соқты. The Guardian хабарлағандай, секта мүшелерінің тізімі халық арасында тарап, оларға қоғам тарапынан қысым жасала бастады.
РБК сайтының хабарлауынша ақпан айында Корея билігіне “Синчонджиді” мәжбүрлі түрде тарату туралы онлайн-петицияға 200 мыңнан астам адам қол қойды (23 ақпандағы көрсеткіш).
Өтініште:
“Тэгу қаласы мен Солтүстік Кенсан провинциясында жаңа коронавирустың таралуының себебі Синчхонджи тобының этикаға сай емес догмасы мен Үкіметпен ынтымақтастықтан бас тарту” деп айтылған.
Дегенмен, сол кезде басқа петиция көбірек қол жинаған еді. 1,3 миллионнан астам адам президент Мун Чжэ Инаны орнын босатуын сұрады. “Коммерсанттың” хабарлауынша, оны ел ішіндегі індетке қарсы күрес және Қытай аумағынан вирустың таралуын болдырмау бойынша тиімді шараларды қолданбады деп айыптады.
Наразылардың айтуынша президент Мун Чжэ Ин елде жағдай асқынып тұрғанына қарамастан Қытайға 3 миллион маска жіберіп, қытайлықтарға Оңтүстік Кореяға кіруді шектеуге бас тартқан. Петиция авторларының бірі оны Оңтүстік Кореяның емес, Қытай президенті деп атайды.
Наурыздың 1-і Сеулдің билігі прокуратура органдарына жұқпалы аурулардың таралуын бақылау заңын бұзғаны, адам өміріне қауіп төндіргені және адам өлтіргені үшін сектаның 12 жетекшісіне қарсы сот ісін қозғады. Келесі күні ВВС-дің орыс қызметінің хабарлауынша, шіркеудің басшысы Ли Ман Хи баспасөз мәслихатында коронавирустың байқаусызда тарағаны үшін халықтан кешірім сұрады.
Осылайша құлшылық ету үшін ауруханадан қашып кеткен бір науқас мыңдаған адамдардың төсекке танылуына себеп болды.