​5-сыныптың әдебиет оқулығы «арақ-шарап» пен "төсек мәселесін" насихаттайды


“Атамұра” баспасында жарық көрген, 5-сыныптың әдебиет хрестоматиясы оқулығындағы Алдар көсе туралы хикаяда «арақ-шарап», «төсек мәдениеті» тақырыптары қозғалған. Бұл туралы Аbai.kz хабарлайды.




Оқулық ішіндегі аталған аңыз-әңгімеде “Арақ-шарап келтірсеңіз, ішіп, көңілімізді хош алғызып отырсақ” деген сөйлем кездеседі. Алдар көсе жайындағы бұл шығарманың ішінде аталмыш тіркестің кездесуі де, оны авторлардың қалай қосқаны да түсініксіз.


Әдебиет хрестоматиясында “төсек мәселесі” де қозғалыпты. Ол да осы аңыздың ішінде. Бұндай анайы сөйлемдер мен тіркестердің мектеп оқулығына қалай еніп кеткені әлі белгісіз. Бірақ қазір аталған оқулық бойынша сабақ жүргізіліп жатыр.


Другие новости