Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации просят вернуть их на Родину
Адам 150 жыл өмір сүре ала ма? The Wall Street Journal басылымы осыған қатысты екі ғалымның пікірін келтіреді.
«Иллионойс университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің эпидемиология және биостатистика профессоры С.Дж.Ольшанский мен Алабама униврситетінің биологы Стивен Остад екеуі 2000 жылы жақында адамдардың өмір сүру ұзақытығы 150 жыл болатынына бәстескен. 150 жасқа дейін өмір сүретін алғашқы адам дүниеге келіп, қазіргі заманда өмір сүріп жатыр ма?», - деп жазады The Wall Street Journal.
Автордың айтуынша, екі ғалым инвестициялық есепшотқа әрқайсысы 300 доллардан салған. Бұл сома 2150 жылға қарай, яғни, бәс уақыты аяқталған кезде миллиард долларға жетуі мүмкін деген болжам бар.
«2150 жылы биомедицина ғылымы мен дәрілік құралдар саласындағы жетістіктер адамдарға 100 жыл өмір сүруге мүмкіндік береді. Ал кейбір адамдар 150 жылға дейін өмір сүре алатын болады», - дейді професор Остад.
Ал профессор Ольшанскийдің айтуынша, адамдар ең көп дегенде орташа есеппен 85-89 жыл өмір сүре алады. Жақсы жағдайда жүз жасқа жетуі мүмкін, ал 150 жыл деген мүмкін емес меже.
«Профессор Остадтың айтуынша, бүгінгі студенттер бір ғасыр өмір сүре алады, себебі олардың денсаулығы адамзат тарихындағы денсаулық жағдайымен салыстыруға да келмейді. Ол уақыт өте келе қарттыққа қарсы дәрілер де пайда болады деп есептейді. Бұл өмір сапасын өзгертеді» деп жазылған мақалада.
Ал оның қарсыласы осы күнге дейін адам ең көбі 122 жыл өмір сүргенін айтады. Ал 100 жылға дейін өмір сүру жаңа нормаға айналуы мүмкін болғанымен, одан асуы екіталай.
«Адам өмірін ұзартудағы ең жақсы жол – адамның денсаулығының жақсы болатын кезеңін барынша созуға ықпал ету. Себебі адам ең көп дегенде 100 жасқа дейін ғана өмір сүре алады», - дейді Ольшанский.
Ұлт ақпарат