Адам саудасы: ІІМ сәбилердің қандай бағаға сатылғанын айтты


Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform. «Қылмыстық кодекстің бабында 18 жасқа дейінгі жауапкершілік қарастырылған. Өткен жылы бізде адам саудасы бойынша 19 факт тіркелді. Істердің басым көпшілігі аяқталды, шамамен 16-17 адам жаңа туған нәрестелер саудасы үшін жауапқа тартылды», - деді Марат Қожаев Мәжіліс алаңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып. Оның айтуынша, биыл елімізде нәрестелер саудасы бойынша үш факті тіркелген. «Аталған барлық факті елімізде болды. Әр сәбидің бағасы 100 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін барады», - дейді ол. Бүгін Мәжіліс адам саудасы мен вандализм туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Другие новости