Причем, сделать это якобы могут даже в рассрочку
Алматы облысының прокуратурасы еңбек заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тұрақты түрде талдау жүргізіп тұрады, деп хабарлайды Kazinform. Талдау барысында Алматы облысы бойынша «Ветеринариялық станция» ШЖҚ МКК биылғы қаңтарда 1 043 қызметкерге жалпы сомасы 223 млн теңге жалақы төлемегені анықталды. «Прокуратураның қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы жалақы толығымен өтелді, жоғарыда аталған ұйымның басшысы ҚР ӘҚБтК 87-бабы бойынша 150 АЕК (553 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бүгінгі күні басшы көрсеткен соманы өтеді», - деп жазды бақылаушы органнан. Сонымен қатар, жалақыны уақтылы төлемеген жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 87-бабы, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 152-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.