​«Almaty Towers» ғимаратындағы өрттен қаза тапқан Алматы студенттері болып шықты


Алматы қаласының құқық қорғау органдары «Almaty Towers» маңындағы өрттен қаза тапқан азаматтардың жеке тұлғасын анықтады. Бұл туралы қаланың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, NewTimes.kz таратты.




Оқиға орнын реттеу мен аралау барысында мәйіттер табылған болатын.


Хабарламада: «Бұл – 1994, 1995, 1996 жылдары туған жастар, олар алматылық жоғарғы оқу орындарының студенттері екені анықталды», -делінген.


Аталған іс бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.


Естеріңізге сала кетейік, 6 қараша күні, кешкі сағат 18:00-ге жуық Алматыда ірі аумақты өрт болды. «Almaty Towers» ғимаратының бір бөлігін шалған өрт кезінде 80 адамды эвакуациялап, барлығы 34 техника, 150 өрт сөндіру қызметкері 2 сағатқа жуық отпен күресті.


Кейінірек, кинотеатр әкімшілігі бес қызметкердің жоғалып кеткендігі туралы хабар таратқан болатын. Мәйіттер оқиға орнын реттеу жұмыстары кезінде табылды.

Другие новости