Алматы тұрғыны: «Мені ер адамдарға тартып тұрады, мен – геймін...»



24 жастағы алматылық жігіт өзінің ер адамдарға деген өзгеше көзқарасын ашық мойындады, деп хабарлайды Nur.kz сайты.




Нұрбек есімді бұл жігіт осыдан біраз уақыт бұрын «Битва экстрасенсов» жобасындағы көріпкел экстрасенстерден қалыпты өмір сүргісі келетінін айтып көмек сұраған еді.


«Мені ер адамдарға тартып тұрады, мен геймін. Қалпыма келуге көмектесе аласыздар ма?», - деген Нұрбектің өтінішіне экстрасенстер бірауыздан оны өзгертуге болатынын айтыпты.



КТК телеарнасындағы "Наша правда" бағдарламасына қонаққа келген ол: «Бала кезімнен ер балаларды ұнататынымды түсіндім. Ал, қазір мен бәріне өтірік айтудан жалықтым», - деп мойындады.


Ата-анасы мен жақын туыстары бұл жаңалықты естіп есеңгіреп қалған. Тіпті, бұл достары мен жақын таныстары үшін де күтпеген жайт болып шықты.



Другие новости