Алматы әуежайында сынап төгіліп, адамдарды жедел түрде эвакуациялады


Алматы әуежайындағы төтенше жағдай жөнінде журналист, блогер Денис Кривошеев өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жазды.



Ол әуежайдағы төтенше жағдайға өз қылмысын жасырмақ болған қаскөйдің сынапты шелекке төгіп жіберуі себеп болды деп хабарлайды. Оның алдында порт қауіпсіздігі қызметімен Алматы-Тбилиси бағытында жолаушының сынапты алып ұшпақшы болғандығы анықталып, тоқтатылған екен.


«Химиктер қазір дезактивация (радиоактивтерді жою – ред.) жұмыстарын жасауда. Ұсталған – Қазақстан азаматы, 100 милилитрдей сынапты алып бара жатқан»,-дейді блогер.



ІІД болған жағдай жөнінде толық ақпаратты кейінірек таратамыз деп уәде берді.


Жаңартылған мәліметке сай, жолаушылар әуежайға қайта кіргізіле бастаған көрінеді.

Другие новости