​Алматыда жүк көлігі газ магистралін құлатып кетті



Алматыда аударғыш кузовы көтерілген жүк көлігі газ магистралін құлатып кетті. Оқиға нәтижесінде бір аудан жарық және жылусыз қалды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.




Төтенше жағдай Варламов – Құлымбетов көшелері қиылысында болған. Dong Feng маркалы жүкті өзі түсіретін көлік жақын жерде қар түсіріп, кузовын көтерген күйі жүріп кеткен. Жүк көлігінің төбесі көше қиылысындағы газ құбырын тіректерінен жұлып әкетіп, құлатыпты. Құбырдың бір бөлігі сол маңда тұрған Toyota Camrу автокөлігіне түскен.




Оқиға орнында тұрғындар газ құбырларын қолмен бітеуге тырысыпты, ал онда жедел жеткен құтқарушылар газды бірден өшірген көрінеді. Әзірге ауданда құбырды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Другие новости