Алматы қаласында алдында жол бермей қойған жүргізушіні артқы көлік иесі атып кеткен. Бұл туралы қаза тапқан азаматтың қарындасы өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Зарина Лазареваның жазбасында: «Достар, Рысқұлов және Момышұлы көшелерінің қиылысында, бір есі дұрыс емес адам ағамды жол бермегені үшін, аңшы мылтығымен атып кетті. Сондықтан, сақ болыңыздар және жолда ешкіммен ұрыспаңыздар», -делінген екен.
ІІД оқиғаның болғанын растады. Қылмыс алатау ауданына қарасты аумақта тіркелген.
ІІД-де: «Аталған қылмысты жасау күдігімен ашу үстінде аңшы мылтығынан 1982 жылы туған азаматты атып өлтірген, жергілікті екі тұрғын тұтқынға алынды», -деген мәлімдеме жасалды.
Кейінірек, Зарина Лазарева полиция қызметкерлері мен қалада бақылау камераларын орнатқан жандарға алғысын білдіріп, өз постын өшіргенін айтыпты.