​Алматылық еВау-ден алған Кеңес пепси-коласының шөлмегін сатады




Алматылық азамат сирек кездесетін кеңестік пепси-кола шөлмегін сатуға шығарды. Бұл хабарландыруын ол қазақстандық сайттардың біріне жариялаған. Бір шөлмектің бағасы – 34 мың теңге, деп хабарлайды Tengreenews.kz.




Жігіттің айтуынша, ол бұл бөтелкелерді халықаралық еВау аукционынан алыпты.


«Мен екі шөлмек сатып алдым, бірақ біреуін өзіме қалдыруды, екіншісін сатуды шештім. Хабарландыру жариялады, шынымды айтсам, айына бір-ақ рет хабарласып, қызығушылық білдіреді. Мен оларды еВау-де, бір американдықтан алдым. 34 мыңға сатамын, өйткені бұл – сувенир, әрі бұл бағаға мен өзімнің шығындарымды қостым. Америкадан жеткізу қызметі өте қымбат», -дейді ол.


Ол шөлмектің ішіндегі сусынды ішпеуді ұсынатынын айтады.

Бұл жөнінде: «Мен тәуекелге бармас едім, ішпедім әрине. Сіздерге де кеңес бермеймін. Жай коллекция үшін алуға болады», -деген ой білдірді.



Рерsі (пепси) – америкалық РерsіСо компаниясы өндіретін, алкоголсіз газдалған сусын. Кеңес Одағында Пепси-кола 1973 жылдан сатылымға шығарылды.

Другие новости