​«Алтай» мен «Қайсар» ҚПЛ-ға өтті


2017 жылы бұл командалар қазақстандық премьер-лигада ойнайтын болады.



Шығыс Қазақстан облысының «Алтай» клубы ресми түрде ҚПЛ-2017 қатысушылары атанды. Өтпелі матчта аталған команда күтпеген жерден «Таразды» ойсырата жеңіп кеткен(3:0). Юрий Максимовтың командасы бірінші лигада қалып қойды.


Мачта Шакин(4-минут), Шафф(45-минут, пенальти), Нұрғалиев(50-минут) гол соққан.



Бұрынырақ Қазақстан премьер-лигасына қызылордалық «Қайсар» оралған еді.


ҚПЛ-ды осымен үшінші рет «Астана» жеңіп алғанын айта кету керек. Күміс медальді «Қайрат», қоланы павлодарлық «Ертіс» иемденді.


Аталған үш команда 2017 жылғы еурокубоктарда Қазақстанның атынан шығатын болады. «Астана» - Чемпиондар Лигасында, «Қайрат» пен Ертіс – Еуропа Лигасында.

Другие новости