Ақтөбеде жұмысшыға найзағай түсіп мерт болды

Ақтөбеде ер адамға найзағай түсті, деп хабарлайды El.kz

Бұл оқиға 8 тамызда сағат 17:00 шамасында болған. Жедел жәрдем станциясына ферроқорытпа зауытынан қоңырау түскен, онда зауыт ауласына найзағай түскені айтылған. 

Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың мәліметінше, жұмысшы вагонға металл сынықтарын тиеп жүрген. Осы сәтте оған найзайғай түскен. 

Ол оқиға орнында қайтыс болды. Сараптама барысында оқиғаның мән-жайы толық анықталады. 1988 жылғы экскаватор машинисі «Метеллург» компаниясында жұмыс істейді. Оның 16 жыл еңбек өтілі бар, - деп жазылған хабарламада.

 Ер адам жедел жәрдем қызметі жеткенше көз жұмды.

Другие новости