​"Artik & Asti" дуэті тарайды​


Бұл туралы топтың солисі және продюсері Умрихин (Artik) өз әлеуметтік желісінде хабарлады.


«Достар, өздеріңіз білетіндей Artik & Asti дуэтіне он жыл толды. Осы он жыл ішінде Аня кішкентай қыздан нағыз әртіске айналды.Бүгінгі күн біреулер үшін көңіліне қаяу түсіруі, ал басқаларды керісінше қуантуы мүмкін. Өздеріңіз білетіндей, соңғы кездері топтың таралу-таралмауы жөнінде алып-қашпа әңгімелер желдей есіп жүр. Бүгін мен ресми түрде хабарлаймын: Artik & Asti» дуэтінен Аня кетеді».

Умрихин мырза бір постпен біраз сұраққа жауап беруді ұйғарған. Себебі бірден алға қойған жоспарларымен бөлісті.

«Бүгіннен бастап Аня екеуміздің жолымыз екіге айырылады. Меніңше, Аня жеке әнші ретінде жұмыс істейтін болады. Ал мен бәз-баяғыда шығармашылықпен айналысамын. Ән жазамын, жаңа таланттарды іздеймін. Олардың жұлдыздарын жағуға тырасатын боламын».

Естеріңізге сала кетейік, «Artik & Asti» дуэті осыдан он жыл бұрын құрылды. Тек Ресейде ғана емес, ТМД елдерінде танымалдыққа ие болған. Талай музыкалық чарттарда алдыңғы қатардан түспей, көптеген музыкалық байқауларда «Үздік дуэт» номинациясының жеңімпазы атанды.


Другие новости