​Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловты шығарып алуға уәде берді



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловты шығарып алуға барын салатынын айтып, уәде берді. Бұл жөнінде Тұңғышбай Жаманқұловты қолдау үшін құрылған белсенділер тобының мүшесі Ерлан Саиров мәлімдеді, деп хабарлайды «Қазинформ» ХАА.




«Біз қазір ғана министрге кіріп, бұл істің қоғамда үлкен дау тудырып отқанын айттық. Тұңғышбай Жаманқұлов қазақ ұлтының бір символы болып табылады. Министр бізге бұл іспен жеке айналысып жатқанын, бүгін түске қарай актердің босатылуы мүмкін екенін айтты», -дейді белсенді.


Біраз бұрын, жемқорлықпен күрес ұлттық агенттігімен «Феникс» фильміне бөлінген қаржының жымқырылу фактісі анықталған болатын.


Тергеу барысында «Қазақфильм» АҚ фильмнің түсірілімі мен дайындық этаптары үшін, «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-на 79 миллион теңге бөлгені, оның 69 миллионын картинаның бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұловтың жымқырғаны туралы дерек қойылған еді.


Мемлекет қаржысын тонауда «Қазақфильм» АҚ экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі Искакова Г. мен фильмнің атқарушы продюсері Юдинаның қатысы бар екені дәлелденіп, 2 қараша күні Тұңғышбай Жаманқұлов тұтқынға алынған.


Естеріңізге сала кетейік, бірнеше апта бұрын театр қайраткерлері Тұңғышбай Жаманқұловтың басқаруына разы болмай, мемлекет басшысына хат жолдаған болатын. Кейінірек, «Қазақстан театрлары ассосациясы» құрылып, оның басшысы болып Асанәлі Әшімов тағайындалған еді.

Другие новости