Астанадағы алып сағаттың жабдықтарын ұрлағандар табылмай жатыр


Оның тоқтау себебі – сағаттың энергиямен жабдықтау кабельдері мен басқа да керек-жарақтарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Kazinform.

Полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық істі «Есіл» ауданының басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша «Жастар сарайы» директорының өтініші негізінде қозғаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі бойынша қылмыстық іс жүргізу ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 45-бабы 7-бөлігі 1-тармағының негізінде, яғни қылмыс жасаған адамның табылмағаны үшін тоқтатылды. Бұл шешім Астана қаласының «Есіл» ауданының прокуратурасымен келісілді. Сонымен қатар күдікті адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс - шаралары жалғасып жатыр, - делінген қалалық полицияның Kazinform агенттігінің сауалына берген жауабында.

Өз кезегінде қалалық Урбанистика орталығы техникалық зерттеу жүргізу және субұрқақты іске қосу үшін жеке компанияларды тарту мәселесін қарастырғанын хабарлады.

Другие новости