​Астананың 25 мыңыншы нәрестесіне автоорындық сыйға тартылды



Астанада 2016 жылдан бергі 25 мыңыншы сәби 6 қарашадан 7-не қараған түні дүниеге келді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында туған нәрестеге жергілікті шенеуніктер тарапынан автоорындық сыйға тартылды, деп хабарлайды «Қазинформ» ХАА.




Сәбидің анасы өзін жақсы сезінеді, әрі қазір перзентханадан шығуға дайындалып жатқан көрінеді. Астана қаласының осы жылда дүниеге келген жиырма бес мыңыншы тұрғыны қалалық Денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, №3 перинталды орталықта туыпты. Баланың анасы Асем Жанайдарова ұлдың 2688 грамм, бойы 48 см болып туғанын айтты.



Денсаулық сақтау департаменті кішкентай азаматқа мерзімдік бесік арба мен автоорындық сыйлады. 25 мыңыншы нәресте арнайы жазба материалдарын есептеу арқылы анықталған.

Другие новости