Меморандум о сотрудничестве подписали в Астане
Атырау облысының Құрманғазы ауданында 15 отбасына жаңа баспана берілді. Олар тұрған үй апатты жағдайда деп танылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құрманғазы – Ресей Федерациясымен шекаралас аудан. Былтыр осындағы 19 ауылдық оркугтегі 49 елді мекенде 56,1 мың адам тіркелген. Аудан әкімі Абат Жанғалиевтің айтуынша, биыл ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған әртүрлі топтағы тұрғындарға арналған 95 баспана сатып алынған. Осы кезге дейін 10 отбасына тұрғын үй берілген. Енді жыл соңына дейін тағы 85 үй беру жоспарланып отыр. «Республика күні – еліміздің тәуелсіздігіне жол ашқан күн. Дәл осы мереке қарсаңында 15 отбасына жаңадан бой көтерген тұрғын үйлерді беріп отырмыз. Өйткені, олар осы кезге дейін Құрманғазы ауылында апатты үйде тұрған еді. Әрине, апатты үйде тұру оңай емес. Тұрғындар мұны ұдайы көтеріп келеді. Сол себептен, аталған отбасылардың әрқайсысына кезектен үш бөлмелі үйді беруді жөн көрдік», - дейді Абат Жанғалиев. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда кезекте тұрған 130 отбасына жаңа пәтер берілгенін хабарлаған болатынбыз.