Атырауда құлаған ескерткіштің салдарынан 9 жасар баланың қолы сынған


Келер 3 жылда елімізде 90-ға жуық қосымша білім беру нысаны ашылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform. «Балалардың оқудан тыс уақытын тиімді пайдалануында қосымша оқу ошақтарының үлкен үлесі барын отандық практикамыздың өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан мұндай ошақтарды тек мегаполистерде емес, өңірлерде де ашу мәселесін қолға алдық. Былтыр өңірлерде осындай 12 мекеме ашылса, алдымыздағы 3 жылда тағы 89-ын салуды қарастырып отырмыз», - Т. Дүйсенова Мәжілістің жалпы отырысында. Сонымен қатар ол балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесіне тоқталды. «Былтыр бұл мәселе бойынша депутаттар көп сын айтқан еді. Биыл осы мәселе өте жіті қаралды. Барлық облыста штабтар жұмыс істеп жатыр. Өрт қауіпсіздігі, СЭС тексерулерінен және балалармен жұмыс істейтін азаматтары арнаулы тексеруден өткен лагерлерге ғана балаларды жіберуге рұқсат етілді. Қазір 121 маусымдық, 9 638 мектеп жанындағы әрі арнайы лагерьлер бүгінге дейін 2 млн-нан аса балаға қызмет көрсетті және қызметін жалғастырып жатыр. Балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектепте және мектеп жанындағы жол инфрақұрылымын бейімдеу бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылды», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Другие новости