Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации просят вернуть их на Родину
Бірнеше жыл бұрын ақындығы мен ерекше өлең оқу мәнерінің арқасында қалың көрерменді тамсандырып, бүгінде ел арасында жақсы танылып кеткен, жас ақын бала, Жамбыл Дүйсенов қыз айттырды. Жамбыл ата-баба салтымен, он үшінде қалыңдығына сырға салған. Бұл туралы Instagram-дағы Гиннес рекордтар кітабы парақшасында жазылды.
«Ата-баба дәстүрі бойынша 13 жаста отау иесі болу мақсатында халқымыздың салт дәстүрі мен әдет-ғұрыппен болашақ келінге сырға салды. 30 қарашада өтетін кешінде Жамбылдың келін балаға арналған «Мөлдір моншақ» әні орындалады», – делінген жазбада.
Бала ақын 2011 жылдан таныла бастады. Есімі Жамбыл Жабаевтай халық ақыны болсын деген ниетпен қойылған кішкентай өнерпаздың жырына талайлар тамсанған еді. Енді, міне, кешегі бала ақын бүгін жігіт атанып, қыз айттырыпты.