Бішкекте автоның VIP-нөмірі  25 мың долларға сатылды


Қырғызстанда автокөліктің нөмірі жаңа Camry-дің бағасына сатылды. Бұл жөнінде Kolesa.kz сайты хабарлайды.



Бішкекте 777 ААА (01 аймақ, Бішкек) нөмірінің онлайн-аукционы аяқталды. Сатылымның соңғы бағасы 1 716 000 сом (25 мың доллар немесе 8,4 млн теңге) болған. Басылым бұл қаражатқа Қазақстанда су жаңа Тoyota Camry көлігін алуға мүмкіндік барын айта кетті.


Аталған қымбат нөмірдің аукционда көрсетілген бастапқы бағасы 60 мың сом (880 доллар) ғана болған көрінеді. Сатылым төрт сағатқа созылған, ал оның барысын 20 мыңға жуық адам тамашалапты. Саудаға тоғыз адам қатысқан.


Бұрынырақ, Қырғызстанда автонөмірлерге онлайн-аукциондар осы жылдың 21 қыркүйегінен басталды деген ақпарат таратылған болатын. Олардың бірінде 001 ААА нөмірі рекордты түрде, 594 000 сомға (8680доллар) сатылған еді.

Другие новости