​Британ ғалымы ақырзаманның нақты мерзімін атады


Британ ғалымы Стивен Хокинг ақырзаманның нақты мерзімін айтқан. Аталған ақпаратты ғалым Оксфордта студентік пікірталас кезінде мәлімдепті. Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлады.




Атақты физик Жердегі тіршілікті ядролық соғыстар, жасанды интеллект немесе қолдан жасалған генетикалық вирус жоятынына сенімді. Хокинг адамзатты Жерден көшуге, ғарышты игеріп, сонда технологияны дамытуға шақырды.


Стивен Хокингтің есептеуі бойынша, ақырзаман осы мыңжылдықтың ішінде болатын көрінеді.


Оған қоса, зерттеуші соңғы 50 жылда ғылымның дамып, адамзаттың Әлемді танудағы түсінігі арта бастағанын атап өтті. Хокинг өзінің бірнеше теорияның авторы атанғанына қуанышты екенін білдіріп, болашақта жас ғалымдар тартылыс толқындарын пайдаланып, «Үлкен Жарылысты» («Большой взрыв» - ред.) көруге мүмкіндік алатынына үміттенетінін айтты.


Сөз соңында ғалым адамдарға аяғына емес, жұлдыздарға қарауға кеңес берген.

Другие новости