Былтыр 2,5 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған құжат өткізген


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында былтыр 453 мың адамның атаулы әлеуметтік көмектен ажыратылғанын мәлім етті. «2023 жылдың қорытындысы бойынша 84,6 мың отбасына, оның ішінде 453 мың адамға АӘК тағайындаудан бас тартылды. Оның ішінде жалған құжаттар немесе жалған ақпарат беру фактісін анықтау себебінен — 2,5 мың отбасы, оның ішінде 13,9 мың адам, кірісті жасыру фактісін анықтау бойынша — 370 отбасы, оның ішінде 2,1 мың адам мемлекеттік қолдаудан ажыратылды» деп жазылған министрлік мәліметінде. Ведомство ұсынған жауапта АӘК тағайындау тәртібі әлі де жетілдірілетіні айтылған. «Азаматтардың шығыстарын ескере отырып, АӘК көрсету жүйесін қайта құру жоспарлануда. Мәселен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп негізгі шығыстарды есепке алу және верификациялау тетігі пысықталуда. Бұл бір жағынан бюджеттің шығыс бөлігін де айқындауға мүмкіндік береді. АӘК трансформациясының барлық процестерінде адам факторын алып тастау көзделген, цифрландыру болады» делінген жауапта.

Другие новости