Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации просят вернуть их на Родину
Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында 2023 жылғы бюджеттің игерілу көрсеткіштерін атады. «Үкіметтің деректері мен барлық мемлекеттік аудит органдары жүргізген аудит нәтижелеріне сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 489 млрд теңге болды», - деді ол. Айтуынша, Жоғары аудиторлық палата құқық қорғау органдарына 23 аудит материалын жолдаған. «123 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа, 32 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Есепті кезеңде 28 млрд теңге қалпына келтірілді және өтелді», - деді Ә.Смайылов. Еске салсақ, Әлихан Смайылов биылғы 5 ақпанға дейін Үкіметке жетекшілік еткен еді.