Они иллюстрировали работу волонтеров Biz Birgemiz Qazaqstan
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ринат Зайытов еліміздің бас прокурордан арыз-шағымын арқалап, тиісті мекемелердің есігін тоздырған халықтың мәселесін тиісті деңгейде шешуді талап етті, деп хабарлайды ZTB News Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Парламент мәжілісі халықпен тікелей байланыста болғандықтан жұма сайын жұрттың арызын тыңдап, өтініштерін қабылдайды. Солардың басым көпшілігі – белгілі бір ведомство басшысының қабылдауына кіру. Себебі өңірлердегі және алып мегаполистердегі шолақ белсенді, орташа деңгейдегі қызметкерлердің "өзім білемдікке" салып заң бұзуы азаятын емес. Оған мысалымыз да, дәлеліміз де жетіп артылады. Бұған тоқтау қоятын бас прокуратура, жоғарғы сот пен министрлердің есігі халық келгенде бір ашылған емес. Бұл қалай? , - деді депутат.
Зайытов еліміздегі азаматтардың заңды талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін орган ретінде бас прокуротура тарапынан аталған мәселелерде табандылық танытуды сұрады.