Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі атанды


Әлемге әйгілі әнші әрі композитор Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) ізгі ниет елшілерінің қатарына қосылды, деп хабарлайды Kazinform.

Ізгі ниет елшілері көші-қон мүмкіндіктеріне қолдау көрсетіп, әлем бойынша таланттардың танылуына ықпал етеді. Тоғыз елші қатарында сегіз жеке тұлға және бір футбол клубы бар.

Мен бұл танымал тұлғаларды ХКҰ-ның жаңа аймақтық және ұлттық ізгі ниет елшілері ретінде қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Олар дүние жүзі бойынша шабыт сыйлаушылар. Олармен күш-жігерімізді біріктіре отырып, өзгеріс жасайтынымызға сенемін, - деді ХКҰ Бас директоры Эми Поп.

ДИмаш 2

ДИмаш 2

Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі атанды

ХКҰ ізгі ниетті елшісі ретінде мен мигранттардың құқығын қорғайтынымды мақтан тұтамын. Әр адамның құқығы қорғалған және мүмкіндіктерге ашық әлем үшін бірігейік, - деді әнші Димаш Құдайберген.

Ізгі ниет елшілерін өз елдеріндегі ХКҰ өкілдері ресми түрде тағайындады және оларды мұқият бағалаудан кейін таңдады.

Отбасылық тәжірибемнен айта аламын, көші-қон дұрыс жүргізілсе, пайдасы көп. ХКҰ ізгі ниетті елшісі ретінде мен мәдени мұрам мен спорттық тәжірибемді ақпараттандыруды жоғарылату үшін пайдаланғым келеді, - деді танымал футболшы Муктар Диакаби.

Димаш Құдайбергенмен бірге ХКҰ ізгі ниет елшілері қатарында ганалық актриса және тележүргізуші Ама К. Аберез, Аргентина/Арубадан фотограф Николас Марин Бенитес, Маврикий фотографы Пол Чой, гвинеялық футболшы Муктар Диакаби, Ганадан келген музыкант және ән жазушы Кофи Кинаата, босниялық баскетболшы Джанан Мұса, Албания психологы, журналист әрі жазушы Мирела Сула, сондай-ақ уругвайлық Атлетико Пеньярол футбол клубы бар.

1951 жылы негізі қаланған ХБҰ - көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым. ХБҰ БҰҰ жүйесіне 2016 жылы бауырлас ұйым ретінде қосылды.

Другие новости