Посольство работает в штатном режиме
Танымал өнер жұлдыздарының арасында дінге бет бұрған, парыздарын қаза қылмай, бес уақыт намазын оқып, шариғатты ұстанатын тұлғалар аз емес. Сол үшін де қоғамда осы атақты адамдардың қай бағытта уағыз тыңдап, қай мазһабты ұстанатындығы жөнінде заңды сауалдар туындайды. Бұл талдау Juldizdar.kz сайтында жарияланды.
Кімнің қай бағытта жүргенін анықтау – біздің құзырда емес, сондықтан, исламға шын көңіл бөліп жүрген жұлдыздар жөнінде қысқа мәліметтер айта кетейік.
Ең алдымен танымал адамдардың дінге беріктігі сөз болғанда ойымызға ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан оралады. Ұдайы сақал қойып жүретін Бекболат мырзаның дін туралы толғамдары интернетте көптеп кездеседі. Әсіресе, Бекболат Тілеуханның Дарын Мубаровпен дастархандас болып отырған видеосы желіде қызу талқыланған бір кездері. Еске сала кетейік, бұған дейін отандық БАҚ Дарын Мубаровты салафизм ағымын ұстанушы деп айыптаған болатын. Тек, бұл екі тұлға да өздерінің жат ағымнан аулақ екендігін бірнеше рет айтп берген еді.
Ендігі кезекте танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев. Айтыс десе, ішкен асын жерге қоятын қазақ Балғынбекті де ерекше жақсы көреді. Осы орайда, ғаламторда Балғынбектің жас айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовпен өткен діни айтысы есімізге түседі. Бекболат ағасы секілді ұдайы сақал қойып жүретін Балғынбек те ислам дінін берік ұстанатын өнер жұлдыздарының қатарынан.
Тағы бір танымал тұлға – Алтынай Жорабаева. Хиджап киіп фотоға түскен сәттен-ақ, Алтынайдың дінге беріктігі байқалған. Еске сала кетейік, 2011 жылы Жорабаева жүрек қалауымен намаз оқи бастағанын халыққа мәлімдеген болатын. Алтынайдың өнердегі сіңлісі Әйгерім Қалаубаева да бір сұхбатында намаз оқитынын айтқан еді.
KZ тобының экс-солисі, әнші Бейбіт Көшқалиев шығармашылығын шыңдаумен қатар, мұсылмандық парызын өтеп, намаз оқиды. Ол бір әңгімесінде теріс ағымға түсіп кете жаздағанын да мойындап еді.
Мейрамбек Беспаев пен Қыдырәлі Болман да дін жолын берік ұстанады. Жуырда әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Беспаевтің Қайрат Жолдыбайұлының кітабын оқып отырып түскен суреті, әншінің тура жолда екенін айғақтайды дейді дінтанушылар. Сондай-ақ, жуырда “Жігіттер” квартетінің солисі Ердос Қанаев Алматыдағы мешіттердің бірінде азан шақырғанын да естіген болатынбыз. Жалпы бұл топтағы төрт азамат та шариғат ережелерін берік ұстантын жігіттер екенін олардың парақшаларынан байқау қиын емес.
Негізі бұл танымал тұлғалар мұсылмандық парыздарын ұдайы өтейтініне күмән аз. Әйтеуір, жұрт алдына көрсету, одан сорақысы жат ағымдаағы көзқараста емес болар деген үміт пен сенім басым. Ақиқатын халық талдайды, халық бағамдайды. Аты аталған өнер жұлдыздарына шығармашылық табыс пен бес уақыт намаздары қабыл болуын тілейміз.